Дубайға әуе рейстері Пәкістан арқылы ұшады, деп хабарлайды Air Astana. Air Astana бірте-бірте Біріккен Араб Әмірліктеріне әуе қатынасын қалпына келтіріп жатыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Дубайға рейстер Airbus A321 ұшақтарымен Пәкістан арқылы орындалады. Төменде Алматы мен Астанадан Дубайға рейстер кестесі көрсетілген:
Алматы - Дубай
- 0115-21 маусым — аптасына 2 рейс (сенбі, жексенбі)
- 0222-28 маусым — аптасына 4 рейс (бейсенбі, жексенбі)
- 0329 маусым – 5 шілде — аптасына 6 рейс (сейсенбіден басқа күндері)
- 046 шілдеден бастап — күн сайын
Астана - Дубай
- 0110-19 шілде - аптасына 3 рейс (жұма, жексенбі)
- 0220-26 шілде — аптасына 4 рейс (сейсенбі, жұма, жексенбі)
- 0327 шілде - 2 тамыз - аптасына 5 рейс (дүйсенбі мен сәрсенбіден басқа күндері)
- 043 тамыздан бастап — күн сайын
Еске сала кетейік, бұған дейін Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты бұл бағыттағы әуе рейстері төрт рет тоқтатылып, кейінге шегерілген болатын.
