Жапонияда өтіп жатқан XX Жазғы Азия ойындарында Қазақстан әйелдер волейбол құрамасы ширек финалда Оңтүстік Кореядан 0:3 (24:26, 25:27, 21:25) есебімен жеңілді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Асқар Шалкибеков жаттықтыратын команда топтық кезеңде Филиппинді жеңіп, Қытайдан ұтылып, В тобында екінші орын алды. Кореялық волейболшылар үш матчтың бәрінде жеңіске жетіп, D квартетінде бірінші орынды иеленді.

Ширек финалдық матч аса тартысты өтті. Барлық партияда қазақстандық қыздар жақсы бастап, есепте алда болды. Алайда соңғы кезеңдерде үнемі ұтылып қалды.

Осылайша өкінішті жеңіліске ұшыраған Қазақстан құрамасы енді тек бесінші орын үшін күреседі.

Ширек финал нәтижелері

  • 01ҚАЗАҚСТАН – ОҢТҮСТІК КОРЕЯ 0:3
  • 02ТАИЛАНД – ИНДОНЕЗИЯ 3:0
  • 03ҚЫТАЙ – ВЬЕТНАМ 3:0

Осы уақытқа дейін жартылай финалға жолдаманы Оңтүстік Корея, Қытай және Таиланд жеңіп алды. Төртінші жартылай финалист Жапония – Қытай Тайбейі матчында анықталады.

Азиада-2026 туралы

Жапониядағы XX Жазғы Азия ойындары кеше, 19 қыркүйекте ресми түрде ашылды. 45 елдің спортшылары қатысатын кешенді жарыстарда 460 комплект медаль сарапқа салынады. Оның 217-сі ерлер арасында, 204-і әйелдер арасында және 39-ы аралас разрядтарда. Турнирлер 41 спорт түрінің 68 дисциплинасында өтеді.

Азиада-2026-да Қазақстан құрамасының құрамында 559 спортшы өнер көрсетеді. Бүгін қазақстандық спортшылар төрт алтын медаль жеңіп үлгерді. Ойындар чемпиондары атанғандар: велошабандоздар Рината Султанова мен Алексей Луценко, сондай-ақ каратэшілер Жоламан Бигабыл мен Софья Берульцева.