Қазақстан әйелдер құрамасы Самарқандта өткен 46-шы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының күміс жүлдесін жеңіп алды. Соңғы турда қазақстандық шахматшылар Польшамен 2:2 есебімен тең ойнап, екі жыл бұрын Будапештте жеңіп алған вице-чемпион атағын қорғап қалды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

16 жастағы Елназ Калиахмет, алдыңғы күнгідей, аса маңызды жеңіске жетті. 45-ші жүрісте біздің жас әйелдер халықаралық шебері әйелдер гроссмейстері Алисия Сливицканы жеңіліске мойынсұндырды.

Бибисара Асаубаева мен Меруерт Камалиденова өз партияларында бейбіт келісімге келді. Алуа Нұрман ақ түспен екінші тақтада Александра Мальцевскаяға ұтылды. Калиахметтің жеңісі қазақстандықтарға күміс әкелген тең ойынға қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Самарқандтың алтынын соңғы турда Вьетнамды 3:1 есебімен жеңген қытайлықтар алды. Қытай құрамасы турнирдің барлық дерлік бөлігінде бірінші орында болып, Олимпиаданы заңды түрде жеңіп алды. Чемпиондар 9 матчта жеңіске жетіп, тек екі рет тең ойнады – Қазақстанмен және Үндістанмен. Біздің қыздар да турнирде ешқашан ұтылмады.

♟️ IM Оливия Келбаса (2386) – GM* Бибисара Асаубаева (2536) 0,5:0,5

♟️ IM Алуа Нұрман (2455) – IM Александра Мальцевская (2363) 0:1

♟️ IM Клаудиа Кулон (2375) – IM Меруерт Камалиденова (2413) 0,5:0,5

♟️ WIM Елназ Калиахмет (2347) – WGM Алисия Сливицка (2324) 1:0

  • 01GM – гроссмейстер, WGM – әйелдер гроссмейстері, IM – халықаралық шебер, WIM – әйелдер халықаралық шебері

Қазақстан ерлер құрамасы соңғы турда Вьетнаммен 2:2 есебімен тең ойнады. Және қорытынды 24-ші орынды иеленді. Алтынды, күткендей, соңғы турда украиндықтарды 2,5:1,5 есебімен жеңген Өзбекстан құрамасы жеңіп алды.

♟️ GM* Денис Махнев (2568) – IM Дау Хуонг Дуй (2509) 1:0

♟️ IM Бан Гиа Хай (2464) – IM Сауат Нұрғалиев (2493) 0,5:0,5

♟️ GM Ансат Алдияр (2495) – IM Нгуен Куок Хи (2428) 0:1

♟️ IM Фам Нян Гиа Фук (2424) – GM Жандос Ағманов (2490) 0,5:0,5

  • 01GM – гроссмейстер, IM – халықаралық шебер

Самарқандта өткен 46-шы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасына 398 команда, 1974 шахматшы, 240 гроссмейстер қатысты.