Өзбекстанда өтіп жатқан 46-шы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының 4-ші турында Қазақстан әйелдер құрамасы Арменияны 3:1 есебімен жеңді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Самарқандтағы алғашқы жеңісін құрама көшбасшысы Бибисара Асаубаева бастады. Блиц бойынша үш дүркін әлем чемпионы қара түспен ойнап, бірінші тақтада Лилит Мкртчанды жеңу үшін 35 жүріс жасады.
Асаубаеваның жеңісін Армениямен матчта Елназ Қалиахмет қолдады. 15 жастағы қазақстандық ақ түспен төртінші тақтада Сусанна Габоянды ұтып, турнирдегі төртінші жеңісіне қол жеткізді. Алуа Нұрман мен Меруерт Камалиденованың партиялары тең аяқталды.
Армениямен матч алдында Қазақстан құрамасы жүз пайыздық нәтижемен (мүмкін болған алты командалық ұпайдың алтауын жинап) қосымша көрсеткіштер бойынша кестеде 9-орынды бөлісті. 4-ші турдан кейінгі командалардың жағдайы кейінірек жарияланады.
♟️ IM Лилит Мкртчан (2374) – GM* Бибисара Асаубаева (2536) 0:1
♟️ IM Алуа Нұрман (2455) – WGM Мариам Мкртчан (2374) 0,5:0,5
♟️ GM Элина Даниэлян (2382) – IM Меруерт Камалиденова (2413) 0,5:0,5
♟️ WIM Елназ Қалиахмет (2347) – WIM Сусанна Габоян (2179) 1:0
- 01GM – гроссмейстер, WGM – әйелдер гроссмейстері, IM – халықаралық мастер, WIM – әйелдер халықаралық мастері
Ерлер құрамасы өткен турда Францияға ұтылып, бірден 48-орынға түсіп кетті. Бүгін қазақстандық шахматшылар жапондармен тамаша ойнады. Жеңістерге Денис Махнев, Сауат Нұрғалиев және Даниял Сапенов қол жеткізді. Жандос Ағманов тең ойнады. Ерлер турнирінің ресми кестесі турдың барлық матчтары аяқталғаннан кейін жарияланады.
♟️ IM Тран Фан Ту (2406) – GM* Денис Махнев (2568) 0:1
♟️ IM Сауат Нұрғалиев (2493) – FM Шу Оцука (2314) 1:0
♟️ IM Рюсуке Нанджо (2299) – IM Даниял Сапенов (2210) 0:1
♟️ GM Жандос Ағманов (2490) – IM Шинья Коджима (2273) 0,5:0,5
- 01GM – гроссмейстер, IM – халықаралық мастер, FM – ФИДЕ мастері
Самарқандтағы 46-шы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасына 398 команда, 1974 шахматшы, 240 гроссмейстер қатысуда.
Турнир 11 турдан тұратын швейцариялық жүйе бойынша өтеді. Әр команданың құрамында 4 ойыншы және 1 қосалқы бар. Уақытты бақылау классикалық – алғашқы 40 жүріске 90 минут, оған қоса тағы 30 минут. Әр жүрістен кейін 30 секунд қосылады.
Матчтағы жеңіс үшін құрама екі командалық ұпай, тең ойын үшін бір ұпай алады. Ұпайлар тең болған жағдайда қосымша көрсеткіштер күшіне енеді — Бергер коэффициенті (қарсыластар жинаған ұпай саны), сондай-ақ команданың әр қатысушысының жеке ұпайларының сомасы.
Ерлер турнирінің жеңімпаздарына лорд Фредерик Густавус Гамильтон-Рассел кубогы, әйелдер турнирінің жеңімпаздарына Вера Менчик кубогы тапсырылады. Екі құраманың да орындарының ең аз сомасы бойынша үздік болған федерация Нона Гаприндашвили кубогымен марапатталады.
