Қазақстан 2025 жылы 20,5 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Брифинг барысында Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов мәлімдегендей, Қазақстан экономикасына инвестиция салған негізгі үш ел: 1. Нидерланд – 4,6 млрд доллар; 2. Ресей – 2,9 млрд доллар; 3. Қытай – 2,8 млрд доллар.

Қасеновтің айтуынша, соңғы 10-15 жылда Қазақстан экономикасы анағұрлым әртараптандырылған. Ол мысал ретінде мұнай өндіру саласының жалпы ішкі өнімдегі (ЖІӨ) үлесі 2010 жылғы 16,5 пайыздан 2024 жылы 8,1 пайызға дейін төмендегенін атап өтті.