Мемлекет басшысы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Рауан Кенжеханұлын қабылдады, деп хабарлады Ақорда. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Президентке «Қазақ тілі» қоғамы қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру, қазақша мазмұнды байыту және жаңа технологиялар саласында тілдің қолданыс аясын кеңейту секілді үш негізгі бағыт бойынша жобаларды жүзеге асырып жатқаны жөнінде баяндалды.

Рауан Кенжеханұлының айтуынша, OpenAI компаниясымен бірлескен жоба аясында көлемі 14 миллиард токен болатын мәтін корпусы қалыптасқан және 12 мың сағат аудиожазба жинақталған.

«Соңғы үш жылда Disney, Pixar және Sony студияларының 13 танымал фильмі қазақ тілінде дыбысталып, үлкен экранға шықты. Qazaq Tili Endowment қорының жұмысы туралы мәлімет берді. Қазірге кезде қорға түскен жарна көлемі 824 миллион теңгеге жеткен», - деп жазылған хабарламада.

Президент мемлекеттік тілді үйрету, сондай-ақ ғылыми шығармаларды аудару ісінде жасанды интеллектінің әлеуетін барынша пайдалану маңызды екенін айтты.