Қазан айында Қазақстан аумағында ауа райы жылы және жауын-шашын мөлшері климаттық норма шамасында болады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Айдың басында жылы болады

Қазгидрометтің мәліметінше, қазан айының алғашқы күндерінде Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы +15+25°С аралығында болады деп болжанып отыр.

Солтүстік циклон әсері

Одан кейін Солтүстік циклонның әсерінен республиканың барлық аумағында жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын түседі.

Жел күшейіп, оның екпіні 15-28 м/с-қа дейін жетеді. Солтүстік жартысында бұрқасын болуы ықтимал.

Тұман, көктайғақ және үсік

Арктикалық ауа массаларының енуіне байланысты тұман түсіп, көктайғақ болады және үсік жүруі мүмкін.

Ауа температурасы айтарлықтай төмендейді, алайда бұл кезең ұзаққа созылмайды:

  • 01елдің батысында, солтүстік-батысында түнде -6+5°С, күндіз +2+11°С-қа дейін;
  • 02солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде -1-6°С, күндіз 0,+8°С-қа дейін;
  • 03республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнде 0,+5°С, күндіз +10+15°С, таулы аудандарда түнде -2-10°С, күндіз +5+10°С-қа дейін сынап бағанасы төмендейді.

Жылы ауа массаларының келуі

Бірінші онкүндіктің екінші жартысында Орта Азия мен Жерорта теңізінің шығыс жағалауынан жылы ауа массаларының келуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде күндізгі ауа температурасы +15+20°С-қа дейін, оңтүстік-батыста және оңтүстік жартысында +18+28°С-қа дейін жоғарылайды.

Екінші және үшінші онкүндіктер

Қазан айының екінші және үшінші онкүндіктерінде ауа райы құбылмалы болады:

  • 01батыс және солтүстік-батыс өңірлерде түнде +5+12°С-тан -5+5°С-қа дейін, күндіз +18+28°С-тан +10+20°С-қа дейін;
  • 02елдің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде +3+8°С-тан -1-8°С-қа дейін, күндіз +15+23°С-тан +3+13°С-қа дейін;
  • 03оңтүстік жартысында түнде +5+10°С-тан -3+5°С-қа дейін, күндіз +15+23°С-тан +20+30°С-қа дейін күн жылы болады.

Кейбір кезеңдерде ауа температурасы түнде -1-6°С, күндіз +10+15°С болады.