Қызылорда облысының Қазалы ауданында балабақша есепшісі 21,5 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, балабақша есепшісі төрт жыл ішінде штаттық кестеде бекітілген жалақыдан жоғары мөлшерде қосымша қаражатты негізсіз түрде өзінің банктік шоттарына аударып отырған.

«Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағында көзделген "Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп жазды прокуратура.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.