Қазақстан қатты пайдалы қазбаларға қатысты роялтиді 2027 жылы емес, 2029 жылы енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, Салық кодексінің жаңа ережелеріне сәйкес роялтиді жинауды 2027 жылғы 1 қаңтардан бастау жоспарланған болатын.
Алайда Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ұсынысымен, тетіктерді одан әрі жетілдіру мақсатында роялтиді енгізуді кейінге қалдыру туралы шешім қабылданды.
«Техногендік минералдық түзілімдер бойынша салық базасын айқындау, роялтиді әкімшілендіру және мөлшерлемелерді белгілеу мәселелері — жаңа лицензиялардың ерекшеліктерін, жобаның капитал сыйымдылығын және ілеспе компоненттердің табыстылығын ескере отырып — қосымша пысықтауды қажет етеді», — делінген хабарламада.
Роялти — бұл мөлшері өндіру көлеміне емес, өндірілген шикізатты сату құнына байланысты болатын төлем.
