Фото: видео скриншот

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желі қолданушыларының сұрағына жауап берді, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.

Ол желі қолданушыларының «Қайраттың концертіне қатыспайсыз ба?» деген сұрағына жауап қайтарды. Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртастың концертінің басы-қасында жүргенін көрсетіп, дайындық кезінде түсірілген видеоларын жариялады.

««Неғып жатырсыздар? Жүрміз ғой басы-қасында. Бәрі бақылауда. Уайымдамаңыздар», — деп жазды өнер иесі.»

Сондай актриса концерттің ерекше форматта өтетіне тоқталды.

««Дайындық. Мына масштаб бұрынғыдан бөлек болайын деп тұр. Сахнада сіздер біле білмейтін талай моменттер болады. Ертең келіп, көзбен көріңіз», — деді Жұлдыз Әбдікәрімова.»