Алматы облысы Қаскелең қаласында бес қабатты тұрғын үйден өрт шықты.

«ТЖМ мәліметінше, тұрғын үйдегі 5-қабаттағы пәтер жанған. Мамандар баспалдақ маршымен 5 адамды эвакуациялады. 15 адам өз күшімен далаға шықты.»

Өрт сөндірушілер жалынның басқа пәтерлерге таралуына жол бермеді. Өрттің аумағы – 70 шаршы метр.

Оқыс оқиға салдарынан 1957 жылы туған әйелді күйік шалды. Ол ауруханаға жатқызылды.

Өрттің себебі анықталып жатыр.