Қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен Грузияда ұсталған астаналық әйел Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мәліметінше, 2025 жылдың мамыр айында еліміздің аумағында қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен астаналық әйел халықаралық іздеу жарияланған болатын. Күдікті 2026 жылдың шілде айында Грузия аумағында ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Қаржы пирамидасын құру Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 217-бабы бойынша сараланады және 7 жылға дейінгі бас бостандығынан айыруды көздейді.
