Қаржы министрі Мәди Такиев мемлекеттік қарыздың көлемі қанша екенін айтты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жылдың басында қарыздың жалпы көлемі 36,4 трлн теңгені құрады. «Бұл ішкі жалпы ішкі өнімге шаққанда 22,8 процентке тең. Осылайша, мемлекеттік қарыз қауіпсіз деңгейде сақталып отыр. Біз осы көрсеткішті жалпы ішкі өнімге шаққанда 22,8 процентке 32 проценттен асырмаумыз керек. Ал дәл қазір мемлекеттік қарыздың көлемі 36,8 трлн теңгені, жалпы ішкі өнімге шаққанда 20 процентті құрайды», - деді Такиев мәжілістің бүгінгі отырысында.

Айта кетері, былтыр шілде айында мемлекеттік қарыз 40 миллиард теңгеге жеткен болатын. Оған жұмсалатын бюджет қаржысы да артып келеді.