Биыл 1 қазан – Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге біржолғы әлеуметтік төлем беріледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл төлем республикалық бюджеттен емес, жергілікті бюджеттен беріледі. Сондықтан оның мөлшерін әр өңір өзі анықтайды.

Өңірлер бойынша төлем мөлшері

  • 01Астанада ең төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге – 2,5 АЕК немесе 10 812,5 теңге;
  • 02Шымкентте 70 жастан асқан тұрғындарға – 3 АЕК немесе 12 975 теңге;
  • 03Ұлытау облысында ең төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге – 20 000 теңге;
  • 04Қарағанды облысында 75 жастан асқан тұрғындарға – 21 625 теңге.

Төлемді алу үшін өтініш берудің қажеті жоқ. Қаражат тиісті санатқа жататын азаматтардың есепшоттарына автоматты түрде аударылады.

Айта кетері, Қарттар күніне арналған біржолғы әлеуметтік төлем барлық өңірде берілмейді. Мұндай көмек әр облыстың бюджет мүмкіндігіне қарай көрсетіледі. Кей өңірлерде оның орнына басқа да әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған.