[ad_1]
Ақмола облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы «Qarmet» АҚ кәсіпорны аумағынан ұзақ уақыт бойы жанар-жағармай материалдарын ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Олардың кесірінен кәсіпорынға 50 млн теңгеден астам шығын келтірілген.
«Сондай-ақ, «Qarmet» АҚ қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, кәсіпорын қызметкерлерінің, оның ішінде күзет қызметінің жанар-жағармай жымқыруға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Тінту іс-шаралары барысында ұсталғандардан 5,5 тоннаға жуық дизель отыны, ірі көлемде қаражат және іс бойынша өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.»
—
Күдіктілердің бәрі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетсек, бұған дейін Ішкі істер министрлігі «Qarmet» АҚ-дан аса ірі мөлшерде ұрлық жасады деген күдікпен қылмыстық топтың екі мүшесіне іздеу жариялаған болатын.
[ad_2]
Дереккөз: Халық үні