Мемлекет басшысы Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты, деп хабарлады Ақорда. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Президентке домна пешінде балқытылған шойынның қалай құрышқа айналатыны, содан кейін үздіксіз құю қондырғысына және одан әрі илемдеуге жіберілетіні көрсетілді.

Qarmet компаниясы 2024 жылы №1 және №2 конвертерлерде күрделі жөндеу жүргізіп, корпустарды толық ауыстырды және анағұрлым заманауи конструкциялар орнатты.

«Жаңғырту жұмыстары шығарылатын өнім түрлерін көбейтіп, қорытылған болат көлемін ұлғайтуға, құрал-жабдықтардың сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар цехтағы бірқатар технологиялық үдерісті табиғи газға көшіру ісі жалғасып жатыр», - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Qarmet биыл 4 млн тонна болат пен 3,6 млн тонна көмір өндіруді жоспарлап отыр.