Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Qazaqyia ақпарат агенттігі.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ таратқан мәліметке сәйкес, шектеу Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы және Жамбыл облыстарына қатысты.

Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында сағат 15:00-ден бастап жүк және қоғамдық көліктер үшін «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» тасжолының екі учаскесінде қозғалыс тоқтатылды:

  • 01393-526 шақырым аралығы (Жымпиты – Ақтөбе облысының шекарасы);
  • 02526-702 шақырым аралығы (Батыс Қазақстан облысының шекарасы – Маржанбұлақ).

Бұл жолдар шамамен 9 ақпан түнгі сағат 00:00-де ашылады деп жоспарланған.

Сонымен қатар Алматы және Жамбыл облыстарында сағат 16:30-дан бастап «Жаңа Қордай асуы» учаскесінде жүк көліктеріне шектеу қойылды. Шектеу «РФ шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» жолының келесі бөліктерін қамтиды:

  • 0159-143 шақырым (Жаңақұрылыс – Жамбыл облысының шекарасы);
  • 02143-214 шақырым (Алматы облысының шекарасы – Қордай).

Бұл бағыттағы қозғалыс 9 ақпан таңғы сағат 02:00-де қайта жандануы мүмкін.

Фото: Әлеуметтік желіден