Қостанай облысы Амангелді ауданының Қарасу ауылында Есполов көшесіндегі тұрғын үйде өрт шықты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт кезінде құтқарушылар оттан екі газ баллонын алып шығып, ықтимал жарылыс қаупін болдырмады.
Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында тұтанған от толығымен сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Бұған дейін «Курсив» Теміртауда жеке үйде газ жарылып, 67 жастағы ер адам ауыр жарақат алғанын жазған. Ол денесінің 70 пайызы күйікпен ауруханаға жатқызылды.
