Маңғыстау облысында қарақұрт өрмекшілерінің аномальды белсенділігіне байланысты дәрігерлер қазақстандықтарға «қара жесір» шағуының симптомдарын еске салды. Медиктер алғашқы белгілер пайда болған кезде дереу мамандарға жүгінуге кеңес береді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қарақұрт – ең қауіпті өрмекшілердің бірі. Оны «қара жесір» деп те атайды. Адамдармен кездесу көбінесе өрмекшілердің миграциясы кезінде, олар ін салуға және кокон тоқуға орын іздегенде болады.

Қазақстанда қарақұрттар құрғақ жерлерде, шөлді аймақтарда, құмды және тасты жағалауларда, аласа өсімдіктер арасында мекендейді, жерге жақын жүреді. Қарақұрт үйлерге қонбайды. Ол көпқабатты үйлерде ешқашан тұрмайды.

Олардың негізгі таралу аймақтары – Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстары және БҚО. Соңғы жылдары ыстық жаздың әсерінен олардың ареалы кеңейіп, тіпті елдің орталық және солтүстік өңірлерінде кездеседі.

Шағудың өзі ауыртпалықсыз, ал денеден шаққан жерді табу қиын, себебі өрмекші теріні тістей алмайды. Дегенмен, дәрігерлердің айтуынша, шаққаннан кейін көп ұзамай у бүкіл денеге таралып, адамда өткір ауырсыну синдромы күшейеді.

Көбінесе ауырсыну белдеу тәрізді, іш аймағында, кейде белде пайда болады. Күйдіргіш ауырсыну шаққан жерден жоғары көтеріледі. Сонымен қатар, ентігу, жүрек соғуының жиілеуі, бас ауруы, құсу, терлеу байқалады.

Дәрігерлер атап өткендей, осыдан кейін науқаста қозу пайда болады, егер уақытында дәрігерге жүгінбесе, бұл сандыраққа ұласады.

Үш күннен кейін дене қышитын бөртпемен жабылуы мүмкін, ол тағы үш күннен кейін ізсіз жоғалады. Жалпы, қарақұрт шаққаннан кейін сауығу процесі үш күннен он күнге дейін созылады.

Табиғатта – жорықта, пикникте, аңшылықта немесе балық аулауда жүргенде қарапайым ережелерді сақтау арқылы қауіпсізденуге болады. Ең алдымен, улы өрмекшілер шақпауы үшін оларды ешқашан қолға алмаңыз, ұстап, банкаға салуға тырыспаңыз.

Сондай-ақ, даланың ашық жерлерінде жалаң аяқ жүруге болмайды, тығыз жабық аяқ киім кию керек, шатырдың кіреберісін тығыз жабу немесе полог қолдану қажет. Демалыс немесе жорық кезінде киім мен аяқ киімді киер алдында мұқият тексеру керек.

Егер сізді қарақұрт шағып алса, мүмкіндігінше тезірек жақын жердегі емханаға, ауруханаға, фельдшерлік пунктке немесе жедел жәрдем шақыру керек.

Бұған дейін «Курсив» Маңғыстау облысында аномальды жаңбырлы жаздың салдарынан қауіпті улы өрмекшілердің күрт белсенділігі артып, олардың шағуынан зардап шеккендер саны былтырғы жылмен салыстырғанда бірнеше есе өскенін жазған еді.