Фото: Informburo.kz

Асанәлі Әшімұлы ұлттық руханияттың дамуына өлшеусіз үлес қосқан, қазақ театр және кино өнерінің биік кәсіби мектебін қалыптастырған дара тұлға болды, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.

Аты аңызға айналған актермен қоштасу рәсімі Алматы шаһарында өтеді. Қонақасы 22 желтоқсан күні сағат 18-00-де «Қабылдау» үйінде өтеді. Сондай-ақ, өнер иесімен қоштасу рәсімі 23 желтоқсан күні сағат 10-00-де Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтеді. Ал актерді «Кеңсай-1» жерлейтіні белгілі болды.