Қарағандыда көршісіне жала жапқан әйелге айыппұл салынды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 66 жастағы зейнеткер көршісін өсектегені үшін 484 мың теңге айыппұл төледі.

34 жастағы қала тұрғыны өзі туралы «басқа ер адамнан бала туып алған» деген жалған қауесет таратқан көршісінің үстінен полицияға шағымданған.

«Учаскелік инспектор тұрғындарды аралап, өсек айтқан әйелді тауып алған», — дейді полицияда.

Жала жапқан 66 жастағы көршісі кінәсін мойындаған. Сот шешімімен оған 484 400 теңге көлемінде айыппұл салынды.