Қарағандыда жол жөндеп жатқан жұмысшыны арнайы техника қағып, қаза болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 2 шілде сағат 14:30 шамасында болған. Қарағанды қаласының Республика даңғылын жөндеп жатқан жұмысшы оқиға орнында қайтыс болды.

Полиция мәліметінше, жол жасайтын мекеменің бірінің 62 жастағы қызметкері арнайы техниканы артқа қарай шегіндірген. Сол сәтте 53 жастағы әріптесін қағып кеткен.

Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.