Қарағанды қаласында әйел өзі жұмыс істейтін сұлулық салонын сыбайласымен бірге тонап кетті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ұсталған әйел салонның ішкі тәртібін, жұмыс кестесін және ақша жатқан жерді жақсы білген. Осыны пайдаланып, ол сыбайласымен бірге салонды тонап кеткен. Алайда, олар салон ішінде бейнебақылау камерасының орнатылғанын білмеген, сондықтан барлық әрекеттері бейнежазбаға түсіп қалған.
Салон иесі таңертең жұмысқа келген кезде ақшаның жоғалғанын байқап, алдымен камераларды тексерген. Одан кейін ол бірден полицияға хабар берген. Жедел іздестіру шаралары барысында күдіктілер қаладан қашайын деп тұрған жері – теміржол вокзалында ұсталды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
