Қарағандыда қыз болып киініп, TikTok әлеуметтік желісінде әдепсіз әрекеттер жасаған Еркен Жантықпаев 10 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қарағанды облысының полиция департаменті аталған дерек бойынша тиісті шаралар қабылдап, әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдарды сотқа жолдаған. Сот қаулысымен оған 10 тәулік әкімшілік қамау жазасы кесіліп, ресми ескерту жасалды.
Қазіргі уақытта Еркен Жантықпаев әлеуметтік желілердегі аккаунттарын жойған. Сонымен қатар полиция тарапынан оған қатысты бақылау жалғасып жатыр.
Полицияның мәліметінше, ескерту талаптарын қайта бұзған жағдайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес неғұрлым қатаң жауапкершілік қарастырылуы мүмкін.
Қарағанды облысының полициясы азаматтарды әлеуметтік желілерді пайдалану кезінде заң талаптарын сақтауға, қоғамдық тәртіпке қайшы әрекеттер жасамауға шақырды.
