Қарағандыда полиция пунктінен әйелдің мәйіті табылып, ес-түссіз жатқан полицей медициналық мекемеге жеткізілді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығы Негмет Исмағұлов мәлім етті, деп хабарлайды Todayinfo.
Оның айтуынша, қылмыстық іс қозғалып, арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Сондай-ақ қызметтік тексеріс тағайындалған.
««Барлық мән-жай мұқият тексеріледі, кінәлілер қатаң жауапқа тартылады. Азаматтарды жалған ақпарат таратпауға шақырамын. Тергеу барысы менің жеке бақылауымда», – деді Исмағұлов.»
—
Фото: istockphoto.com