Қарағандыда энергетикалық нысандардың жай-күйін дрондар тексеріп жатыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл жөнінде энергетика министрлігі мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, дрондарды пайдалану электр беру бойынша әуе желілерін, ғимараттар мен құрылыстарды, түтін мұржаларын және басқа да қолжетімділігі қиын учаскелерді көзбен шолып тексеруге мүмкіндік береді.

«Аэрофото және бейнетүсірілім жабдықтардың техникалық жай-күйін егжей-тегжейлі бағалауға, ақаулар мен ықтимал тәуекелдерді уақтылы анықтауға, сондай-ақ тексеру нәтижелерін кейінгі талдау үшін тіркеуге мүмкіндік береді», — деп жазылған хабарламада.

Министрлік мәліметінше, заманауи технологияларды қолдану мемлекеттік энергетикалық бақылаудың жеделдігі мен тиімділігін арттырып, өңірдің энергетикалық инфрақұрылымының сенімді жұмысын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада дрондар құрылыс алаңдарындағы заң бұзушылықтарды анықтағаны хабарланған болатын.