Қарағандыда бес жасар баланың қайтыс болуына байланысты тергеу жүргізілуде. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы оқиға 16 тамыз кешке Пришахтинск 23-ші шағын ауданында қатты жел кезінде болды.

Қарағанды облысы ПД мәліметінше, бала аулада жүргенде оған ағаш бұтағы құлаған. Алған жарақаттарынан бала қайтыс болды.

«Баланың қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу шараларының кешені жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, қолда бар ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиғаға дейін ағаш қураған немесе авариялық деп саналмаған: оның барлық бұтақтары жасыл болған.

Тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтер әзірге жарияланбайды. Тергеу жалғасуда.

Бұған дейін «Курсив» Алматыдағы Баум тоғайындағы қайғылы оқиға туралы жазған болатын. Серуен кезінде 19 жастағы Селина Абитоваға ағаш құлаған. Қыз ауыр жарақаттар алған, соның ішінде бас сүйегі сынған, жамбас сүйегі сынған және аяғы ашық сынған, содан кейін комаға түсіп, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Екі апта бойы дәрігерлер Селинаның өмірі үшін күрескен, алайда оны құтқара алмаған.