Қарағандыда басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жалған мәлімет таратқан әйелдің ісі қаралды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Облыстық соттың мәліметінше, сот 2026 жылдың 12 маусымында сотталушы басқа біреулерге жәбірленушіге қатысты жалған мәлімет бергенін анықтады.
Атап айтқанда, ол "баланы күйеуінен тапқан жоқ" деген сөз айтқан.
"М.-ның кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, куәлардың түсініктемелерімен және сот отырысында зерттелген басқа да дәлелдемелермен расталды", - деп жазылған хабарламада.
Соттың 12 тамыздағы қаулысымен ол кінәлі деп танылып, 160 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. 30% жеңілдік қолданылғаннан кейін, әйел 484 400 теңге айыппұл төлейтін болды.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.
