Қарағандыда 23 жастағы жұмысшыны топырақ басып қалды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқиға Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданындағы Молоков көшесі маңында болған. Жер қазу жұмыстары кәріз жүйесін тарту мақсатында жүргізіліп жатқан.

2003 жылы туған жұмысшыны топырақ басып қалған. Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жұмысшылармен бірлесіп, су мен топыраққа толған шұңқырдан зардап шеккен азаматты шығарып алды.

Құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін ер адам жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Оның жағдайы туралы қосымша ақпарат берілген жоқ.