Қарағанды облысындағы ауылда алапат дала өрті болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
ТЖМ мәліметінше, Жаңатоған ауылы маңында табиғи өртті оқшаулау және сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Сағат 08:00-дегі жағдай бойынша өрт аумағына аэровизуалды барлау жүргізілді.
"Барлау нәтижесінде жаңа ашық жану ошақтары анықталған жоқ. Жағдай бақылауда", - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінде.
Тұрғындардың айтуынша, жалын бірнеше қыстау мен қысқа жиналған шөпті шарпыған.
Желіде тараған ақпарат бойынша өрт сөндіруге қатысқан бір адамның денесінің 50%-ын күйік шалып, ауруханаға жеткізілген.
