Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданындағы «Алтыналмас АК» АҚ өндірістік нысандарының бірі – «Пустынное» ТБК аумағында жазатайым оқиға болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 23 шілде сағат 11:30 шамасында болған. «Пустынное» ТБК екінші саты ұсақтау корпусының конвейер машинисі қаза болды.
Оқиғаның себеп-салдары мен мән-жайын уәкілетті органдар анықтап жатыр. Компания марқұмның туған-туыстары мен жақындарына, әріптестеріне қайғырып көңіл айтып, отбасына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсететінін мәлімдеді.
