[ad_1]

24 сәуірде Қарағанды облысында жолаушылар пойызының техникалық вагоны рельстен шығып кетті. Тәртіп сақшылары тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға туралы ақпарат Instagram-дағы railway_1520 парақшасында пайда болды. Видео авторының хабарлауынша, кеше Қарағанды облысындағы Ағадыр-Айса стансаларының арасында жолаушылар пойызының бір вагоны рельстен шығып кеткен.

««Қарағанды-Сортировочная» станциясының желілік полиция бөлімі жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану ережелерін бұзу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, — деп мәлімдеді Көліктегі полиция департаменті.»

Сондай-ақ ведомсто әзірге басқа ақпарат жария етілмейтінін хабарлады.

[ad_2]

Дереккөз: Халық үні