Қарағанды облысында адамды пойыз басып кетті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қайғылы оқиға 1 қыркүйекте болған. Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, «Қарағанды – Сортировочный» станциясындағы көліктегі полиция басқармасы абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған теміржол көлігінің қозғалысы немесе оны пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Полиция хабарламасында: «Қарағанды – Сортировочный» станциясындағы көліктегі полиция басқармасы абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған теміржол көлігінің қозғалысы немесе оны пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады», – делінген.
Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.
