Қарағанды облысында дала өртіне байланысты Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) жүргізушілерге ескерту жасады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Шет ауданында 4 шақырым жерде шөп пен қараған жанып жатыр. Оқиға орнына қосымша күштер жіберілді.

Құтсыздардың айтуынша, қатты екпінді желге байланысты Қызылқой ауылы маңындағы «Астана – Қарағанды – Алматы» республикалық автожолының учаскесінде түтін болуы мүмкін. Жүргізушілерді түтін басқан учаскеден өту кезінде барынша мұқият болуға шақырады.