Қарағанды облысында банк менеджері алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Саран қаласында полиция банктің 23 жастағы менеджерін ұстады. Тергеу мәліметінше, ол клиенттердің келісімінсіз сұралған сомадан әлдеқайда жоғары көлемде кредит ресімдеп отырған.
Қазіргі уақытта полицияға төрт жәбірленуші жүгінді. Алдын ала мәлімет бойынша келтірілген шығын көлемі 6,9 млн теңгеден асады.
Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктінің басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр.
