Қарағанды облысында 193 шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 19 қыркүйекте сағат 09:00 шамасында «Астана» автожолының 188-ші шақырымында Теміртау қаласының өткелі ауданында «Scania» жүк көлігі жол апатына түсті.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, 39 жастағы жүргізуші «Scania» көлігімен келе жатып, көлік құралын аударып жіберген», — дейді полиция.
Жүк көлігі Көкшетау – Ташкент бағыты бойынша 193 бас шошқа тасымалдаған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жануарлар далаға босып кеткен.
Зардап шеккендер жоқ.
