Әлеуметтік желіде балабақша тәрбиешісі балалардың басынан ұрған видео тарады. Видеодағы оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтайды.

Instagram-да skandal_krg парақшасында жарияланған видеода оқиға Қарағанды ​​облысы Абай қаласындағы балабақшада болғаны айтылады.

«Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от КАРАГАНДА SKANDAL_KRG (@skandal_krg)»

—

««Камералардан бейнежазбаны көріп, жағамды ұстадым», – дейді видеоның авторы.»

—

Қарағанды ​​облысының ПД видео тарағаннан кейін зардап шеккендер мен оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Абай аудандық білім бөлімінің мәліметінше, балабақша жекеменшік, білім бөліміне бағынышты емес.

««Әдемі» балабақшасы – жекеменшік мектепке дейінгі мекеме. Абай аудандық білім бөлімінің қарауына жатпайды. 500 орындық жеке балабақша 2021 жылдың ақпан айында ашылған. Оқиғаға қатысты комиссия құрылды» делінген ресми ақпаратта.»

—

Бұған дейін баланы ұрған тәрбиеші өзіне-өзі қол жұмсағанын хабарлаған болатынбыз.