«Қазгидромет» 24-26 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ауа райының жалпы болжамы
24 қазанда еліміздің шығысында, сондай-ақ 24 және 26 қазанда Қарағанды облысында қар аралас жауын-шашын болады. Маңғыстау облысында аздаған жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады.
Шығыста қалың қар жауып, бұрқасын соғады. Батыста, солтүстік-батыста және Ұлытауда ауа райы жауын-шашынсыз болады. Солтүстік және орталық өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Температура режимі
Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде 1-8 градус аяз болады. Батыс өңірлерде күндіз ауа температурасы +11…+18 °С болады. Солтүстікте түнгі ауа температурасы –4…–10 °С-тан 0…+5 °С-қа дейін көтеріледі. Күндіз температура +2…+7 °С-тан +6…+11 °С-қа дейін аздап өзгереді.
Орталық өңірлерде түнде –2…–10 °С аяз болады. Күндіз ауа температурасы біртіндеп 0…+5 °С-тан +5…+12 °С-қа дейін көтеріледі. Шығыста түнде –5…–10 °С, облыстың таулы аудандарында –13…–18 °С аяз күтіледі. Күндіз ауа температурасы –5…+5 °С аралығында болады.
Оңтүстік өңірлерде күндіз ауа температурасы +8…+15 °С болады. Оңтүстік-шығыста күндіз ауа температурасы +2…+7 °С-тан +6…+12 °С-қа дейін біртіндеп көтеріледі. Таулы аудандарда –1…–6 °С аяз болжанады.
Астана
24 қазан ауа райы жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы 5-7°С, күндіз +2+4°С. 25 қазан күн ашық. Ауа температурасы түнде -3-5°С, күндіз +6+8°С. 26 қазан көшпелі бұлт шығып, күндіз аздап жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде -1-3°С, күндіз +6+8°С болады.
Алматы
24 қазанда күн ашық. Түнде ауа температурасы -2-4 °С, күндіз +4+6 °С көрсетеді. 25 қазан күн ашық. Ауа температурасы -5-7 °С, күндіз +5+7°С. 26 қазан күн райы ашық. Түнде ауа температурасы -3-5°С, күндіз +8+10°С.
Шымкент
24 қазан жауын-шашын болмайды, күн ашық. Ауа температурасы түнде +2+4°С, күндіз +13+15°С жылы болады. 25-26 қазанда күн ашық. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +14+16°С.
