Қонаевта Қапшағай су қоймасындағы оқиға кезінде 21 жастағы қыздың өмірін құтқарушылар сақтап қалды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Қонаев қаласындағы су айдынын патрульдеу кезінде құтқарушылар 2005 жылы туған қыздың бұйкалық аймақтан тыс жерде, жағалаудан шамамен 20 метр қашықтықта суға батып бара жатқанын байқаған.

ТЖМ қызметкерлері зардап шеккен қызды дереу судан шығарып, алғашқы көмек көрсетіп, медициналық қызметкерлерге тапсырған. Құтқарушылардың сүйемелдеуімен қыз қалалық ауруханаға жеткізілді.

Құтқарушылардың жедел әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында қыздың өмірін сақтап қалу мүмкін болды. Қазіргі уақытта ол дәрігерлердің бақылауында.

ТЖМ азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға және бұйкалардан асып жүзбеуге шақырады.

Бұған дейін «Курсив» Жамбыл облысында бассейнде суға батып кеткен баланы қайта тірілту туралы жазған болатын.