Отандастар қоры «OQ Startup» үздік жоба байқауының қорытындысын жариялады. Байқауға Моңғолия, Өзбекстан, Қытай, Иран, Германия, АҚШ және Швейцариядан 70-ке жуық қатысушы өз жобасын ұсынды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қатысушылар қатарында шетелдегі белсенді қандас жастар, сондай-ақ еліміздің 10-нан астам университетінде түрлі мамандық бойынша білім алып жатқан студенттер мен дайындық бөлімінің тыңдаушылары бар. Жобалар ұлттық мұра мен тіл, қандастарды қолдау, білім беру, бизнес пен цифрлық сервис, экология, инклюзия және денсаулық салаларын қамтыды. Бірқатар жоба жасанды интеллект технологияларына негізделген.
Бас жүлде және үздік үштік
Бас жүлде Моңғолиядан келген Бақыт Рысбектің жобасына табысталды. Ол — қазақ ым-ишара тілін дыбыстайтын ÜNDES.kz платформасының авторы.
- 01I орын – ÜNDES.kz, қазақ ым-ишара тілін дыбыстайтын платформа. Авторы – Бақыт Рысбек.
- 02II орын – ThermaWise AI, дата-орталықтарда су мен энергияны үнемдейтін жасанды интеллект жүйесі. Авторы — Мухамедали Серикжан.
- 03III орын – Hurim App, қазақтың тойын жоспарлауға арналған қосымша. Авторы – Айша Бейбітхан.
Ынталандыру сыйлығының иегерлері
- 01Borrow Box – Чамани Пардис Раджаб (Иран);
- 02EcoQadam – Ажихан Турсынбаев (Өзбекстан);
- 03«Көпір» – Ербол Елқұт (ҚХР), Тойлат Азамат (Моңғолия), Сүлеймен Көгершін (Моңғолия);
- 04Altai Brothers – Бердіқажы Есентай (Моңғолия);
- 05PARAQ & JOY – Ботакөз Махсул (Моңғолия);
- 06Qorgau Kids – Ахбота Байлау (Моңғолия);
- 07Volu Hub – Нурмухаммед Худайберген (Моңғолия);
- 08«ІСКЕ» – Еркежан Тілеухан (Моңғолия);
- 09«SENIM» Healthy Box — Ақмарал Рахметхан (Моңғолия).
Айта кетері, «OQ Startup» байқауы шетелдегі қандас жастар мен отандық студенттердің бастамаларын қолдап, олардың жобаларын Қазақстанның даму басымдықтарымен ұштастыруға бағытталған.
