««Өзге қаламгерлер сияқты мен де әдебиетке құштарлықпен келдім. Әдебиет арман, мақсат болды. Осы үлкен жолда маған ықпал еткен, әдебиетке құштарлықты оятқан менің әкем – Қажығалым Қажыбайұлы Мұқанов. Ол кісі өз заманында ауыл-ауылды аралап, халық ауыз әдебиетін жинады. Зерттелмеген, айтылмай жатқан, көмескіленіп жатқан дүниелерді жинаумен әуестенді. Айтыс ақындарын, әсіресе Әсеттің қолжазбаларын ел ішінен жинады. Сөйтіп ғылым академиясына тапсырып жүрді. Әкемнің әдебиетке деген махаббаты, әдебиетке құштарлығы мені де құштар етті», – деді Роза Мұқанова.»