«Қайрат» жанкүйерлері «Левскиге» қарсы ойынға Алматыдан Түркістанға тегін автобуспен жетеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ticketon баспасөз қызметінің мәліметінше, жолға Freedom және футбол клубы ұйымдастырған үш автобус шығады.

Матч 11 тамызда Түркістанда өтеді. Автобустар Алматыдан сағат 04:00-де шығады, ал ойын аяқталғаннан кейін жанкүйерлерді қалаға кері жеткізеді.

Сапарды Freedom Афиша (ticketon.kz) және «Продукты» сервистері ұйымдастырады. Жолда жолаушыларға көрпе, жол жастықтары, сондай-ақ сусындар мен снектер ұсынылады.

Трансферді тек матчқа билеті бар жанкүйерлер пайдалана алады.

Орынды брондау үшін [email protected] электрондық поштасына «Автобус в Туркестан» тақырыбымен өтінім жіберіп, «Қайрат» фан-клубының растауын күту қажет.

Еске салайық, 5 тамызда Чемпиондар лигасының 2026/27 маусымының үшінші іріктеу раундының бірінші матчында «Қайрат» «Левскиден» минималды есеппен ұтылды. Болгария астанасындағы кездесу 0:1 есебімен аяқталды.

Қарама-қарсылық тағдыры 11 тамызда шешіледі. «Левски» – «Қайрат» жұбының жеңімпазы ЧЛ негізгі турниріне жолдама үшін грек АЕК-пен күш сынасады. Ұтылған команда Лига Европасының іріктеуіне түсіп, не грек ПАОК-пен, не бельгиялық «Андерлехтпен» ойнайды.