«Қайрат» Еуропа лигасы плей-офф кезеңінің алғашқы матчында бельгиялық «Андерлехттен» 0:3 есебімен ұтылып қалды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Кездесу 20 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда өтті. Қонақтар есепті екінші минутта-ақ бұрыштамадан соң ашты — голды қорғаушы Жульян Бьянкон соқты.
24-минутта «Андерлехттің» басымдығын Лукас Амброс арттырды, ол алыс қашықтықтан дәл соққымен гол соқты.
Бірінші тайм аяқталмай жатып, Александр Широбоковтың алаңнан шығарылуы алматылық команданың жағдайын қиындата түсті. Көп ұзамай бельгиялық клуб үшінші голды соқты — авторы Даниил Сикан.
Екінші таймда «Қайрат» аз құраммен ойнады, алайда жаңа гол жібермеді. Матч 0:3 есебімен аяқталды.
Қарымта кездесу 27 тамызда Бельгияда өтеді.
Бұған дейін «Курсив» Канье Уэсттің концертінен кейін Алматыдағы Орталық стадионда «Қайрат» — «Андерлехт» матчы алдында футбол алаңын шұғыл қалпына келтіре бастағанын жазған болатын. Мамандар аэрация, шөп тұқымын себу, құмдау және күшейтілген суару жұмыстарын жүргізді, ал кездесу алдында газонның жай-күйі қанағаттанарлық деп бағаланды.
