«Қайрат» футбол клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин өз еркімен қызметінен кетті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Уразбахтин жетекшілігімен алматылық команда екі рет Қазақстан чемпионы атанды. Сондай-ақ клуб тарихында алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды.

Ол 2024 жылдың қыркүйегінде команданың бас бапкері болып тағайындалған еді. Енді бас бапкер міндетін Жора Арутюнян атқарады.

Ол команданы «Алтайға» қарсы алдағы матчқа дайындайды.