Қазақстандық «Qaitadan» фильмі IV Бішкек халықаралық кинофестивалінде Орталық Азияның үздік фильмі атанды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фестиваль аясында Орталық Азия байқауы ұйымдастырылып, оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан киногерлерінің туындылары қатысты. Байқау қорытындысы бойынша қазақстандық «Qaitadan» фильмі «Үздік фильм» аталымында Гран-при иеленді.
«Qaitadan» соңғы жылдардағы ең табысты қазақстандық фильмдердің біріне айналды. Өткен жылы картина небәрі үш аптаның ішінде прокатта 1 млрд теңгеден астам табыс тауып, отандық кинопрокат көшін бастады. Бұған дейін фильм Қазақстандағы креативті индустриялар саласындағы басты марапат – STEPPE AWARDS сыйлығының «Кинематография» санаты бойынша да жеңімпаз атанған болатын.
