Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Путиннің АҚШ президентінің арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнермен келіссөздерінің қорытындысы туралы айтып берді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ушаков президенттің АҚШ-тың арнайы өкілдерімен кездесуі 3 сағат 10 минутқа созылғанын хабарлады. Америкалық арнайы өкілдер келіссөздерге тыңғылықты дайындалып, қақтығысты реттеуге қатысты жан-жақты ұсыныстарын таныстырды.

Ресей тарапынан арнайы әскери операция аймағындағы жағдайға қатысты нақты әрі жан-жақты баға берілді. Кездесуде Украина мәселесімен қатар, ауқымды бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері де талқыланды.

Уиткофф пен Кушнер Киевтегі кездесулер барысында Путиннің ұстанымын жеткізетінін айтты.