Украинадағы оқиғаның түпкі себебі – Украинаны НАТО-ға сүйреп кіргізуді көздеген Батыстың әрекеті. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ресей басшысы Владимир Путин жұма күні Үндістанға үш күндік жұмыс сапарымен барып, БРИКС саммитіне қатысып жатыр.
«Билікті, қайталап айтамын, қанды мемлекеттік төңкеріс арқылы ауыстырған бойда-ақ Украинаны НАТО-ға кіргізуді мақсат етті. Шын мәнінде, түптеп келгенде Украинадағы бүгінгі қайғылы оқиғалардың басты себебі де осы болды», – деді Путин.
Путин Ресей НАТО-ның шығысқа қарай кеңеюіне жол берілмейтінін бірнеше рет мәлімдегенін атап өтті.
Оның айтуынша, Батыс елдері Украинаның НАТО-ға қосылуына қарсы болған бұрынғы президент Виктор Януковичті мемлекеттік төңкеріс арқылы биліктен шеттеткен.
