Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президентінің арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнерді Мәскеуге келсе, тағы да қабылдауға дайын. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров «Вести» ақпараттық қызметіне берген сұхбатында бұл олардың қандай ұсыныстармен келетініне байланысты екенін атап өтті.

«Біз олармен (Уиткоффпен және Кушнермен - ред.) сөйлесуден бас тартпаймыз. Егер олар келсе, Ресей президенті Владимир Владимирович Путин оларды тағы да қабылдауға дайын екенін біледі. Мәселе олардың қандай ұсыныспен келетініне байланысты», — деді Лавров.

Ресей тарапы АҚШ-та Уиткофф пен Кушнерге осындай сенім артылып отырса, «олардың АҚШ президентіне ықпалы бар және президент оларға сенеді» деген ұстанымда.

Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Ресей және АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамптың 4 шілдеде Украинадағы жағдайды реттеу мәселесін телефон арқылы талқылағанын хабарлаған болатын. Америка басшысы Уиткофф пен Кушнердің қолайлы уақытта Мәскеуге баруға дайын екенін айтқан.

Кейін Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков Уиткофф пен Кушнердің нақты жоспарлары айқындалған кезде Мәскеу олардың Ресейге сапарын жедел ұйымдастыратынын мәлімдеді.