Ресей президенті Владимир Путин ұлттар бірлігін нығайтуға қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградаларды табыс етті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ресейдегі жүзден астам ұлт өкілдері арнайы әскери операциялардың шайқас алаңдарындағы ерліктері үшін марапаттарға ие болды, деп мәлімдеді Ресей президенті.
Путиннің айтуынша, Ресей халықтары арасындағы күшті, бәрін жеңетін бірлік рухы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді.
"Ресейдегі жүзден астам ұлт өкілдері арнайы әскери операцияның алдыңғы шебінде көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін жоғары мемлекеттік марапаттармен марапатталды", - деді Путин "Ресей халықтары" халықаралық апталығының пленарлық отырысында.
