Ресей президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты Республика күнімен құттықтады. Құттықтау жеделхатында айтылғандай, Қазақстан халықаралық аренада лайықты беделге ие және халықаралық істерде маңызды рөл атқарады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелевич, сіздің ұлттық мереке - Республика күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыз. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік салалардағы жетістіктері жалпыға бірдей танылған. Сіздің еліңіз халықаралық істерде маңызды сындарлы рөл атқарады және әлемдік аренада лайықты беделге ие», - деп жазды Путин.
Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында табысты дамып келеді, деді Ресей көшбасшысы.
Мәскеу мен Астана ТМД, Еуразиялық экономикалық одақ, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және басқа да көпжақты ұйымдар аясында өз күш-жігерін үйлестіріп келеді.
«Біз достық халықтарымыздың игілігі үшін және Еуразия аймағындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту мүддесі үшін барлық салаларда өзара тиімді ресейлік-қазақстандық байланыстарды нығайта беретінімізге сенімдімін», - деді Путин.
25 қазанда атап өтілетін Республика күні - Қазақстанда мемлекеттік емес, ұлттық мәртебеге ие жалғыз мереке.
